Реклама
Реклама

ҚПЛ клубтары легионерлерсіз қалуы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
19.03.2026, 12:34

Қазақстан футбол федерациясы ел кубогының алғашқы кезеңінде Премьер-лига клубтарына легионерлерсіз ойнауды ұсынбақ.

arena.olimpbet.kz

Қазақстан футболында жаңа өзгеріс болуы мүмкін. Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ел кубогының алғашқы кезеңінде Премьер-лига клубтарына легионерлерсіз ойнауды ұсынбақ. Бұл туралы AmanVIBE телеграм-арнасы хабарлады. 

Ақпарат көзінің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан кубогының 1/16 финалында легионерлердің қатысуына қатысты нақты шешім қабылданған жоқ. Дегенмен ҚФФ клубтарға мынадай ұсыныс жасамақ:

  • алғашқы кезеңде мүлде легионерсіз ойнау;
  • немесе шетелдік ойыншылар санын шектеу.

Соңғы шешім клубтармен кеңескеннен кейін қабылданады.

Қазақстан кубогының алғашқы ойындарына шамамен 20 күндей уақыт қалды.

1/16 финал матчтары:

  • 8–9 сәуір күндері өтеді
  • командалар бұл кезеңде бір ғана ойын өткізеді.

Турнирге кім қатысады?

Қазақстан кубогына:

  • ҚПЛ клубтары;
  • Бірінші лига командалары;
  • Екінші лига ұжымдары;
  • әуесқой клубтар қатысады.

Турнир жеңімпазы келесі маусымда еурокубок жолдамасына ие болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан кубогының иегері — қостанайлық "Тобыл" клубы.

Реклама
Реклама