Реклама
Реклама

Давид Лория жаңа жұмыс тапты. Қызметі ұлттық құрамалармен байланысты

Сарапшы, спорт журналисі
20.03.2026, 13:43

Жуырда ғана Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен кеткен еді.

1bol.kz

Қазақстан футбол федерациясында кадрлық ауыс-түйіс жалғасуда. Марат Омаровтың бұйрығымен Давид Лория ҚФФ вице-президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы kommentator_maulen телеграм-арнасы хабарлады. 

Жаңа қызметінде Давид Лория:

  • Қазақстанның ұлттық құрамалар департаментін
  • бұқаралық спорт бағытын қадағалайды.

Бұл шешім ҚФФ Атқару комитетінің отырысынан кейін қабылданды.

Бас хатшы қызметінен кетті

Айта кетейік, бұған дейін Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен кеткен еді.

Атқару комитетінің дауыс беру нәтижесі бойынша 11 мүшенің 6-сы қызметтен кетуді қолдады. 

Ал бас хатшының міндетін уақытша атқарушы болып Александр Кеплин тағайындалды.

Давид Лория:

  • 2025 жылдың 2 сәуірінде ҚФФ бас хатшысы болды
  • Бұған дейін вице-президент қызметін де атқарған
  • 2024 жылы ҚФФ президенттігіне кандидат болған.

Сондай-ақ ол:

  • 2020–2025 жылдары Астана қаласының футбол федерациясын басқарды
  • 2022 жылы UEFA MIP (спорт менеджменті магистрі) дипломын алды
Реклама
Реклама