"Қайрат" ТОП-500-де: Әлемдік клубтар рейтингі жарияланды
Тізімге 13 мыңнан астам команда енгізілді.
matchtv.ru
Футбол статистикасына маманданған Opta суперкомпьютері әлемдік клубтар рейтингін жаңартты. Тізімге 13 мыңнан астам команда енгізілді. Оның ішінде Қазақстан Премьер-лигасының клубтары да бар.
"Қайрат" — Қазақстанның үздік клубы
Жаңартылған рейтингте алматылық "Қайрат" 486-орынға тұрақтап, ТОП-500 қатарына енген жалғыз қазақстандық клуб атанды.
Айта кетейік, клуб өз позициясын 24 орынға жақсартқан.
ТОП-1000 қатарына енген басқа клубтар
Қазақстаннан тағы үш клуб әлемнің үздік мың командасының қатарына кірді:
- "Астана" — 591-орын (-16)
- "Тобыл" — 877-орын (-34)
- "Ақтөбе" — 963-орын (-22)
ҚПЛ клубтарының толық рейтингі
Opta деректеріне сәйкес, Қазақстан Премьер-лигасының клубтары төмендегідей орындарға жайғасты:
- "Қайрат" — 486 (+24)
- "Астана" — 591 (-16)
- "Тобыл" — 877 (-34)
- "Ақтөбе" — 963 (-22)
- "Елімай" — 1032 (-31)
- "Ордабасы" — 1141 (+108)
- "Жеңіс" — 1500 (-109)
- "Оқжетпес" — 1629 (+198)
- "Қызылжар" — 1687 (-81)
- "Қайсар" — 1838 (+60)
- "Каспий" — 1912 (-162)
- "Атырау" — 1939 (+45)
- "Ертіс" — 1957 (-7)
- "Алтай" — 2087 (+82)
- "Ұлытау" — 2323 (+130)
- "Жетісу" — 2382 (+98)
Айта кетейік, Opta рейтингі келесі факторларға негізделген:
- ұлттық чемпионаттағы нәтижелер
- лига деңгейі
- елдің және құрлықтың рейтингі
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet