Қазақстан Премьер-лигасының 3-турында "Ордабасы" қызылордалың "Қайсарын" қабылдап, сенімді жеңіске жетті.
Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері белсенді ойын көрсетті. Соның нәтижесінде шымкенттік клуб 16-минутқа дейін қарсылас қақпасына екі бірдей гол соғып, есепте алға шықты.
Алдымен 13-минутта Димитар Митков есеп ашып, “Ордабасыны” алға шығарды. Арада үш минут өткенде Никола Антич мергендік танытып, нәтижені еселей түсті.
Осыдан кейін шымкенттік команда ойын тізгінін өз қолында ұстап, есепті сақтауға басымдық берді. Нәтижесінде матч 2:0 есебімен “Ордабасының” пайдасына аяқталды.
“Ордабасы” (Шымкент) — “Қайсар” (Қызылорда) 2:0 (2:0)
Голдар: Митков 13 (1:0), Антич 16 (2:0).