Дастан Сәтпаев несімен құнды екені айтылды
Қазақстан футболының жұлдызы ағымдағы жылдың тамыз айында лондондық "Челси" сапына қосылуы тиіс.
Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаевтың болашағына шетелдік сарапшылар жоғары баға беріп жатыр. Лондондық "Челси" клубына қатысты жаңалықтар жариялайтын паблик жуырда оның әлеуетіне тоқталды.
"Челси" болашағына жасалған инвестиция
Әлеуметтік желідегі I_@m_Sepp парақшасы Сәтпаевтың ойын мәнерін талдап, оны клуб үшін маңызды жоба ретінде сипаттады.
"Дастан Сәтпаев — доппен өте сенімді әрекет ететін ойыншы. Ойынды оқуы жоғары, шешім қабылдауы жылдам. Ол допқа ие болғанда қорықпайды. Бұл — болашаққа жасалған үлкен инвестиция", — деп жазды дереккөз.
Ресми трансфер қашан жүзеге асады?
Айта кетейік, "Челси" Сәтпаевпен келісімшартты 2025 жылы жасады. Алайда толыққанды трансфер футболшы 18 жасқа толғаннан кейін (2026 жылдың тамызы) ғана жүзеге асады.
Қазіргі таңда Дастан Сәтпаев алматылық "Қайрат" ксапында ойнап жүр.
2025 жылғы маусымда ол:
- Қазақстан чемпионы атанды;
- Суперкубокты жеңіп алды.