Абат Айымбетов "Петролул" сапындағы алғашқы голын соқты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:23

"Петролул" клубының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Румыния чемпионатындағы алғашқы голын соқты.

"Петролул" ФК

Айымбетовтың дебюттік голы

Алайда бұл гол команданы жеңілістен құтқара алмады. “Петролул” сырт алаңда “ФКСБ” клубына қарсы матчта 1:3 есебімен есе жіберді.

Ойын барысында алаң иелері Флорин Тэнасе (16’); Октавиан Попеску (27’), Дариус Олару 55-минутта гол соқты. Абат Айымбетов матчқа 80-минутта қосылып, он минут өткесін бұрыштамадан берілген пасты пайдаланып, баспен дәл соққы жасап, есеп айырмасын қысқартты.

Осы нәтижеден кейін “Петролул” 23 ұпаймен турнир кестесінде жетінші орында қалды. Ал “ФКСБ” 36 ұпаймен көш бастап тұр.

Қазақстандық футболшы осыған дейін жаңа команда құрамында "Волунтари" қақпасына гол соққан, “сары қасқырлар” осы кездесуде қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Мансап жолында Айымбетов қазақстандық “Ақтөбе”, “Қайрат” , “Астана”, шетелдік “Адана Демирспор”, “Крылья Советов” клубтарында өнер көрсеткен. Ұлттық құрама сапында 40-тан астам ойын өткізіп, 9 гол соққан.

Реклама
Реклама