Абат Айымбетов Еуропадағы клубында гол соқты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Румынияның "Петролул" клубы сапында нәтижелі ойынымен көзге түсті. Ол жолдастық кездесуде "Волунтари" қақпасына гол соқты. 

Абат Айымбетов Еуропадағы клубында гол соқты
instagram/@aimbetov9507

Алғашқы таймда-ақ есепке енді

Қазақстандық форвард Плоешти клубының негізгі құрамында алаңға шығып, алғашқы таймда мергендігімен танылды. Осылайша Абат Айымбетов Еуропадағы жаңа командасындағы сенімді ойынын жалғастырып келеді.

Қазақстандық шабуылшының жетістігін румын клубының өзі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

“„Волунтаримен“ жолдастық матчтың бірінші таймынан кейін екі доп айырмасымен алда келеміз. Гол авторлары — Серджиу Ханка мен Абат Айымбетов!”, — деп жазды “Петролул”.

Осылайша үзіліске дейін Айымбетовтың командасы 2:0 есебімен алға шықты.

Халықаралық үзіліс кезінде көзге түсті

Қазір Еуропа футболында халықаралық үзіліс жалғасып жатыр. Алайда Абат Айымбетов бұл жолы Қазақстан құрамасының қатарына шақырту алған жоқ. Соған қарамастан клуб деңгейінде өзін көрсетуге мүмкіндік алып, нәтижелі ойынымен назар аудартты.

Еске салсақ, Абат Айымбетов 2026 жылдың ақпан айында Румынияның “Петролул” клубының ойыншысы атанған еді. Бұл ауысым тарихқа Қазақстан футболшысы жасаған Румыния чемпионатындағы алғашқы трансфер ретінде енді.

Қазақстандық футболшы жаңа клубтағы ресми дебютін 1 наурыз күні өткізді. Ол кезде “Петролул” “Меркуря-Чукпен” 1:1 есебімен тең түсті.