ӘЧ-2026: Өзбекстан құрамасы тарихи дебюттік матчында Колумбияға есе жіберді

Спорт шолушысы
18.06.2026, 10:00

Футболдан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы тарихтағы алғашқы матчын өткізді.

Өзбекстан футбол қауымдастығы

K тобындағы турда өзбекстандықтар Колумбия құрамасымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіліс тапты. Матч Мексиканың Мехико қаласындағы әйгілі “Ацтека” стадионында өтті. Кездесудің алғашқы бөлігінде колумбиялықтар басымдық танытып, 41-минутта Даниэль Муньос есеп ашты.

Екінші таймда Өзбекстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. 60-минутта Аббосбек Файзуллаев қарсылас қақпасына гол соғып, әлем чемпионаттарындағы Өзбекстан ұлттық құрамасының алғашқы голының авторы атанды.

Колумбия жеңісті жұлып әкетті

Алайда қуаныш ұзаққа созылмады. Бес минуттан кейін Луис Диас Колумбияны қайтадан алға шығарса, қосымша уақытта Хаминтон Кампас үшінші голды соғып, матч нүктесін қойды. Осылайша Колумбия турнирді жеңіспен бастап, үш ұпай еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін К тобындағы Португалия мен Конго ДР құрамалар кездесуінде командалар 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Келесі қарсылас Португалия

Өзбекстан құрамасы келесі ойынын 23 маусым күні Португалияға қарсы өткізеді. Матч Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.

Реклама
Реклама