"Астана" клубына жаңа бас директор тағайындалды

Бокс шолушысы
19.06.2026, 18:00

Қазақстандық футбол менеджері Алтай Дауымов "Астана" ФК бас директоры қызметіне тағайындалды.

instagram/@daumov

Алтай Дауымов “Астана” клубын басқарады

Елордалық клубтың мәліметінше, “Астана” ФК бас директоры қызметіне Алтай Дауымов бекітілген. Ол отандық футбол саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен тәжірибелі маман ретінде танымал. Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының құрылымында түрлі қызмет атқарды. Сонымен қатар 2024 жылдың соңында ҚФФ президенті лауазымына үміткер ретінде тіркеліп, футболдағы реформаларға қатысты өз бағдарламасын ұсынған.

Алтай Дауымов UEFA CFM, яғни Certificate in Football Management бағдарламасының дипломына ие. Бұдан бөлек Қазақ спорт және туризм академиясында “Спорттық менеджмент” мамандығы бойынша докторантураны тәмамдаған.

Бұған дейін “Жетісу” футбол клубында коммерциялық директор қызметін атқарған. Сондай-ақ Қазақстандық халықаралық футбол мектебін құруға атсалысып, Қазақ спорт және туризм академиясы жанындағы футбол клубына жетекшілік етті. 

“Астананың” қазіргі жағдайы

“Астана” бүгінде Қазақстандағы ең табысты әрі атақты футбол клубтарының бірі саналады. Ел чемпионатындағы жаппай жекешелендіру үдерісі басталғанымен елордалық клуб бұл өзгерістерден әзірге тыс қалып отыр.

Қазір “Астана” Қазақстан Премьер-лигасында 13 турдан кейін 22 ұпай жинап, турнирлік кестеде 4-орында келеді.

Реклама
Реклама