"Тобыл" Данияр Үсеновпен қоштасты

Футбол шолушысы

Қостанайдың "Тобыл" ФК жартылай қорғаушы Данияр Үсеновтің командадан кеткенін ресми түрде мәлімдеді.

"Тобыл" Данияр Үсеновпен қоштасты
kazfootball.kz

“Тобылда” қанша матч өткізді?

25 жастағы футболшы қостанайлық ұжымға былтыр 31 желтоқсанда “Ақтөбеден” ауысып келген. Бірақ Үсенов “Тобыл” сапында көп ойын өткізген жоқ. Команда жейдесінде барлығы 5 матчқа қатысып, 1 гол соқты.

Ақтау футболының түлегі саналатын Данияр Үсенов бұған дейін Қазақстан чемпионатындағы бірнеше клубта өнер көрсетті. Атап айтқанда, ол “Қайрат”, “Каспий”, “Жетісу” және “Ақтөбе” командаларының намысын қорғаған.

“Ақтөбе” сапында еурокубок ойындарына да қатысып, Еуропа лигасы мен Конференция лигасының іріктеу кезеңінде 4 матч өткізді. Сонымен қатар Қазақстан жастар құрамасы сапында 6 ойынға шыққан.

Жетістіктері

Данияр Үсеновтің еншісінде Қазақстан футболындағы бірнеше маңызды трофей бар. Ол “Қайрат” құрамында Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алған. Ал “Тобыл” сапында Қазақстан Суперкубогының иегері болды.

Танымал Transfermarkt порталының мәліметінше, Данияр Үсеновтің нарықтағы құны 150 мың еуроға бағаланады.