ӘЧ-2026: Қатар бір матчта бірнеше антирекорд тіркеді

Бас редактор

Жуырда қатарлықтар Канадаға қарсы ойын өткізіп, 0:6 есебімен ойсырай жеңілген болатын. 

ӘЧ-2026: Қатар бір матчта бірнеше антирекорд тіркеді
sportmail.ru

Қатар құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші матчында Канададан ірі есеппен жеңіліп, мундиаль тарихындағы бірнеше жағымсыз рекордтың авторы атанды. Соның бірі В тобында Канадағы қарсы кездесу. Матч 0:6 есебімен канадалықтардың пайдасына аяқталды.

MisterChip мәліметінше, бұл ойын Катар құрамасы үшін тек ауыр жеңіліспен ғана емес, тарихи антирекордтармен де есте қалды. Команда матч барысында екі қызыл қағаз алып, өз қақпасына автогол соқты.

Қатар екі ойыншысынан айырылды

Қатар құрамасы әлем чемпионаттары тарихында бір матчта екі қызыл қағаз алған алғашқы азиялық команда болды.

33-минутта қорғаушы Хомам Әл-Амин алаңнан қуылды. Ал 51-минутта жартылай қорғаушы Ассим Мадибо қызыл қағаз алды. Ол Канада құрамасының ойыншысы Исмаэль Конеге қарсы дөрекі ойнап, қарсыласына ауыр жарақат салғаны үшін жазаланды.

Екі ойыншының алаңнан қуылуы Қатардың жағдайын одан әрі қиындатып, Канадаға ойын тізгінін толық бақылауға мүмкіндік берді.

Автогол да антирекордқа себеп болды

Қатар бұл матчта тағы бір жағымсыз көрсеткіш тіркеді. Команда әлем чемпионаттары тарихында бір ойында екі қызыл қағаз алып, сонымен бірге автогол жіберген алғашқы құрама атанды.

75-минутта қатарлық жартылай қорғаушы Мұхамед әл-Маннаи допты өз қақпасына бағыттап алды. Бұл эпизод Қатар үшін сәтсіз өткен кездесудің символына айналды.

Айта кетейік, Қатар құрамасы әлем чемпионатына өз тарихында екінші рет қатысып жатыр. Бұған дейін топтық кезеңнің бірінші турында қатарлықтар Швейцариямен 1:1 есебімен тең түсіп, мундиальдар тарихындағы алғашқы ұпайын алған еді.

Алайда Канадаға қарсы ірі жеңіліс бұл нәтижені көлеңкеде қалдырды. Екі турдан кейін Катар В тобының турнир кестесінде соңғы орында тұр.

Келесі матч Босния және Герцеговинаға қарсы өтеді

Қатар құрамасы келесі ойынын 24 маусым, сәрсенбі күні Сиэтлде өткізеді. Қарсыласы — Босния және Герцеговина құрамасы.