"Ақтөбенің" 17 жастағы шабуылшысы "Кристал Пэластың" көзіне түсті

Бокс шолушысы

Жас футболшы 14 матчта төрт гол және екі нәтижелі пас жасады.

"Ақтөбенің" 17 жастағы шабуылшысы "Кристал Пэластың" көзіне түсті
Sports.kz

"Ақтөбе" футбол клубының жас шабуылшысы Виталий Латурнус Англия Премьер-лигасы өкілдерінің назарына ілікті. 17 жастағы футболшының ойынын "Кристал Пэлас" скауттары бақылап жүргені хабарланды.

ASnews.kz мәліметінше, ағылшын клубының скауттық қызметі "Ақтөбе" ойыншысының дебюттік маусымдағы өнеріне назар аударған. Жас форвардтың физикалық мүмкіндігі мен нәтижелілігі мамандардың көзіне түскен. 

Десе де, Виталий Латурнустың "Кристал Пэласқа" нақты ауысатыны туралы әзірге сөз жоқ. Дереккөз мәліметінше, қазақстандық футболшы ағылшын клубы бақылап отырған перспективалы ойыншылардың ұзын тізіміне енгізілген.

Мұндай тәжірибе еуропалық клубтар үшін қалыпты жағдай саналады. Скауттар жас футболшылардың дамуын бірнеше ай немесе маусым бойы бақылап, кейін нақты шешім қабылдайды.

"Кристал Пэлас" қандай клуб?

"Кристал Пэлас" — Англия Премьер-лигасында өнер көрсететін лондондық клуб. Өткен маусымды команда ішкі біріншілікті 15-орында аяқтады.

Сонымен қатар "бүркіттер" Конференция лигасын және Англия Суперкубогын жеңіп алды. Қазіргі таңда клуб құрамының жалпы нарықтық құны 553 миллион еуроға бағаланады.

Латурнустың статистикасы

Виталий Латурнус биыл "Ақтөбе" сапында жарқын көзге түсе бастады. 17 жастағы шабуылшы барлық турнирде 14 матч өткізіп, төрт гол және екі нәтижелі паспен ерекшеленді.