Өзбек дәрігерлері ӘЧ-2026-дағы тарихи голға қалай қуанды (ВИДЕО)

Футбол шолушысы

Футболдан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасының тарихи голы тек жанкүйерлерді емес, ақ халатты абзал жандарды да ерекше әсерге бөледі. 

Өзбек дәрігерлері ӘЧ-2026-дағы тарихи голға қалай қуанды (ВИДЕО)
Instagram/@uzbekistanfa

Аббосбек Файзуллаев тарихи гол соқты

Өзбекстан мен Колумбия құрамалары арасындағы кездесу 1:3 есебімен аяқталды. Дегенмен бұл ойын өзбек футболының тарихында ерекше орын алды.

Матчтың 60-минутында Аббосбек Файзуллаев мергендігімен көзге түсіп, Өзбекстан құрамасының әлем чемпионаттарындағы алғашқы голын соқты.

Бұл сәт бүкіл ел үшін тарихи оқиғаға айналды.

Дәрігерлердің қуанышы видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желіде тараған видеода өзбек дәрігерлерінің Файзуллаев голынан кейін ерекше қуанып, эмоциясын жасыра алмағаны көрінеді.

Медициналық қызметкерлердің тарихи сәтті бірге тамашалап, ұлттық құраманың голына шын жүректен қуануы көпшіліктің назарын аударды.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Сондықтан Колумбияға қарсы матчтағы гол ел футболы үшін үлкен мәнге ие болды.

Келесі матчтар қашан өтеді?

Топтық кезеңнің екінші турында Өзбекстан құрамасы 23 маусымда Португалиямен кездеседі.

Ал Колумбия құрамасы 24 маусымда Конго ДР-на қарсы ойнайды.