Месси әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды

Спорт шолушысы
Бүгін, 00:10

Аргентина құрамасының көшбасшысы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Австрияға қарсы өткен кездесудің 39-минутында мергендігімен көзге түсіп, жеке көрсеткіштегі гол санын 17-ге жеткізді.

Charlotte Wilson/Getty Images

Бұл көрсеткіш оған Германия құрамасының аңыз ойыншысы Мирослав Клозенің рекордын жаңартуға мүмкіндік берді. Клозе 2014 жылдан бері 16 голмен әлем чемпионаттарының үздік бомбардирі болып келген еді. Бұл мундиаль 39 жастағы Мессидің алтыншы әлем чемпионаты. Мұндай жетістікке бұған дейін тек Криштиану Роналду екеуі ғана қол жеткізген.

Айта кетейік, Месси әлем чемпионаттарындағы ең нәтижелі турнирін 2022 жылы Катарда өткізді. Төрт жыл бұрын әлем біріншілігінде жеті гол соғып, Аргентина құрамасын әлем чемпионы атандырған болатын.

Қазіргі таңда әлем чемпионаттары тарихындағы үздік бомбардирлер тізімі төмендегідей:

– Лионель Месси (Аргентина) 17 гол;
– Мирослав Клозе (Германия) 16 гол;
– Герд Мюллер (Германия) 14 гол;
– Килиан Мбаппе (Франция) 14 гол.

Осылайша Месси тағы бір тарихи рекордты жаңартып, әлем футболындағы орнын нығайта түсті.

Реклама
Реклама