Transfermarkt ҚПЛ-дегі ең қымбат 10 футболшының тізімін жаңартты

Жекпе-жек шолушысы
23.06.2026, 20:30

Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін футболшылардың нарықтық бағасын қайта қарап шықты.

instagram/@pflkaz

Дастан Сәтпаев көш басында қалды

Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшы атағы әлі де алматылық “Қайраттың” 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа тиесілі.

Жаңа бағалау бойынша жас форвардтың трансферлік құны тағы 500 мың еуроға өсіп, 3,5 миллион еуроға жетті. Бұл – Қазақстан Премьер-лигасы үшін рекордтық көрсеткіш.

Иван Башич екінші орында

Рейтингтің екінші сатысында “Астананың” босниялық легионері Иван Башич тұр. 24 жастағы футболшының бағасы 300 мың еуроға көтеріліп, қазіргі нарықтық құны 1,5 миллион еуро болды.

Бұл өсім Башичтің елордалық клубтағы тұрақты ойыны мен ҚПЛ-дегі рөлінің арта түскенін көрсетеді.

Мақсат Абраев үздік үштікке енді

Үшінші орынға “Астананың” 18 жастағы вингері Мақсат Абраев көтерілді. Оның трансферлік бағасы бірден 800 мың еуроға өсіп, 1 миллион еуроға жетті.

Осылайша Абраев ҚПЛ-дегі ең қымбат жас ойыншылардың біріне айналды.

ҚПЛ-дегі ең қымбат 10 футболшы

Transfermarkt жаңартқан тізім бойынша Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат футболшылар қатары төмендегідей:

1. Дастан Сәтпаев – “Қайрат”, 17 жас – 3,5 млн еуро (+500 мың)
2. Иван Башич – “Астана”, 24 жас – 1,5 млн еуро (+300 мың)
3. Мақсат Абраев – “Астана”, 18 жас – 1 млн еуро (+800 мың)
4. Ги-Марселин Килама – “Ордабасы”, 27 жас – 1 млн еуро
5. Жоржиньо – “Қайрат”, 28 жас – 1 млн еуро (+200 мың)
6. Пабло Альварес – “Ақтөбе”, 29 жас – 1 млн еуро (-200 мың)
7. Бранимир Калаица – “Астана”, 28 жас – 900 мың еуро
8. Әлібек Қасым – “Астана”, 28 жас – 850 мың еуро (+100 мың)
9. Темірлан Анарбеков – “Қайрат”, 22 жас – 800 мың еуро (+400 мың)
10. Даниэль Соса – “Ақтөбе”, 27 жас – 800 мың еуро

“Астана мен “Қайрат” ойыншылары басым

Жаңартылған рейтингте “Астана” мен “Қайрат” футболшыларының үлесі ерекше байқалады. Үздік ондыққа елордалық клубтан төрт ойыншы енсе, алматылық командадан үш футболшы кірді.

ҚПЛ футболшыларының трансферлік бағасы бұған дейін 2025 жылдың қараша айында жаңартылған. Сол кезде Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат ойыншылар тізімінде үшінші орында “Ақтөбенің” испаниялық жартылай қорғаушысы Пабло Альварес тұрған.

Қазіргі жаңартудан кейін оның бағасы төмендеп, рейтингте алтыншы орынға түсті.

Реклама
Реклама