Бақтиер Зайнутдинов ұзақ үзілістен кейін жаттығуға оралды (ФОТО)

Спорт шолушысы
Бүгін, 11:53

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы жарақатынан кейін "Динамо" клубының жалпы жаттығу тобына қайта қосылды.

"Динамо" ФК

Клубтың ресми Instagram парақшасында жарияланған фотосуреттерде қазақстандық футболшының команда мүшелерімен бірге жаттығып жатқаны байқалады. Клуб жариялаған жазбада:

“Екі жаттығу. Қалыпқа келу”,- деп көрсетілген.

Жарақат салдарынан ойыннан тыс қалды

28 жастағы футболшы “Динамо” сапына 2025 жылдың 28 шілдесінде қосылды. Содан бері ол команда құрамында 10 матч өткізді. Алайда Зайнутдинов маусымның басым бөлігін жарақатқа байланысты жіберіп алды. Денсаулығына қатысты негізгі қиындықтар 2025 жылдың соңында және 2026 жылдың көктемінде туындаған. Қазіргі таңда спортшының нарықтағы құны Transfermarkt сайтының бағалауынша 2,5 млн еуроны құрайды.

Қазақстандық ойыншының мәскеулік клубпен келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін есептелген. Айта кетейік, “Динамоға” ауысқанға дейін Зайнутдинов Түркияның “Бешікташ” клубында өнер көрсетіп, жарақат алған болатын. 

Реклама
Реклама