Франция Еуропа және Әлем чемпионаттарын өткізбек

Бокс шолушысы

2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары француз Альпілерінде өтеді.

Франция Еуропа және Әлем чемпионаттарын өткізбек
slon.fr

Франция алдағы жылдары бірнеше ірі футбол турнирін өткізуге өтінім беруі мүмкін. Елде әйелдер арасындағы Еуро-2033, ерлер арасындағы Еуро-2036 және 2038 жылғы әлем чемпионатын қабылдау мәселесі қарастырылып жатыр.

L'Équipe мәліметінше, "Спорттық іс-шаралар аумағы" ұйымы Францияның спорт министрі Марина Феррариге үш ірі футбол турниріне өтінім беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынған. Оған сәйкес, Франция әйелдер арасындағы Еуропа чемпионаты-2033, ерлер арасындағы Еуро-2036 және 2038 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім бермек. 

Әзірге бұл түпкілікті шешім емес. Франция билігі алдымен елдегі инфрақұрылымның жағдайын, стадиондардың дайындығын және халықаралық турнирлерді ұйымдастыру талаптарына сәйкестігін бағалауды жоспарлап отыр.

Инфрақұрылым басты фактор

Мұндай деңгейдегі жарыстарды өткізу үшін елде заманауи стадиондар, көлік жүйесі, қонақүй инфрақұрылымы және қауіпсіздік талаптары жоғары деңгейде болуы керек. Сондықтан Франция нақты өтінім беру туралы шешім қабылдамас бұрын барлық ұйымдастыру мүмкіндігін сараптамадан өткізеді. 

Франция бұған дейін де ірі футбол жарыстарын сәтті қабылдаған. 2016 жылы елде ерлер арасындағы Еуропа чемпионаты өтті.

Сонымен қатар Франция алдағы уақытта тағы бір ірі спорттық доданы ұйымдастырады. 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары француз Альпілерінде өтеді.