Мексикалық жанкүйерлер ӘЧ матчынан кейін оқыс жағдайға тап болды (ВИДЕО)

Бокс шолушысы
Бүгін, 17:54

Лос-Кабос қаласында көлік жанкүйерлер жиналған топтың арасына кіріп кетіп, бірнеше адамды қағып өтті.

jornada.com.mx

Лос-Кабоста жанкүйерлер зардап шекті

Мексиканың Лос-Кабос муниципалитетіне қарасты Кабо-Сан-Лукас туристік бульварында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға жергілікті жанкүйерлер Мексика құрамасының ӘЧ-2026 турниріндегі үшінші жеңісін тойлап жатқан сәтте болған.

Алдын ала мәлімет бойынша бір топ адам көлікті шайқамақ болған. Осы кезде жүргізуші жылдамдықты арттырып, бірнеше жанкүйерді қағып кеткен.

17 адам жарақат алды

Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, оқиға салдарынан 17 адам зардап шеккен. Олардың бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Көлік жүргізушісі ұсталды. Бірақ ол да ауруханаға жеткізілген. Себебі оқиғадан кейін ашуға булыққан жанкүйерлер оған өздері жаза қолдануға тырысқан.

Осы оқиғаға дейін Мексика құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Чехияны 3:0 есебімен жеңген.

Айта кетейік, турнир қожайындарының бірі саналатын Мексика құрамасы 19 маусым күні-ақ плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алған еді.

Реклама
Реклама