ӘЧ-2026: Турнирдегі сәтсіздіктен кейін қызметінен кеткендер көбейді

Спорт шолушысы
Бүгін, 11:55

Әлемдік футбол турниріндегі сәтсіз нәтижелерден кейін ұлттық құрамалар мен футбол құрылымдарында кадрлық өзгерістер жалғасып жатыр. Оңтүстік Корея құрамасының бас бапкері мен Сауд Арабиясы футбол федерациясының президенті қызметінен кететінін ресми түрде мәлімдеді.

Getty Images

Оңтүстік Корея ұлттық құрамасының бас бапкері Хон Мён Бо қызметінен кету туралы шешімін Мексикада өткен баспасөз мәслихатында жариялады. Бапкер сәтсіздік үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алды.

“Бүгін мен Оңтүстік Корея ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетемін. Жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Біз олар күткен нәтижені көрсете алмадық. Бұл сәтсіздік үшін толық жауапкершілікті өз мойныма аламын”, — деді маман.

Матчтар нәтижесі бойынша құрама A тобында 3 ұпаймен 3-орынға тұрақтады. Хон Мён Бо 2024 жылдан бері ұлттық құраманы басқарған. Ол турнирде өз еркімен кеткен үшінші бапкер ретінде тіркелді.

Сауд Арабиясындағы кадрлық өзгерістер

Сауд Арабиясы футбол федерациясының президенті Ясер Аль-Мисхаль да әлем чемпионатындағы нәтижеден кейін қызметінен кететінін мәлімдеді. 

“Ұлттық құраманың әлем чемпионатының келесі кезеңіне өте алмауы ортақ мақсаттарымызға сай келмейтін нәтиже болды. Бұл үшін толық жауапкершілікті өз мойныма аламын және құрамаға жоғары үміт артқан барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Мен өз қызметімнен кетемін. Осы орайда бізді қолдаған барша жанкүйерлерге алғысымды білдіремін”

Сауд Арабиясы әлем біріншілігін 2 ұпаймен аяқтап, плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Реклама
Реклама