"Шахтер" 90-минутта жеңісті жұлып алып, Бірінші лигада көш бастады (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы
02.07.2026, 19:33

Қарағандының "Шахтеры" футболдан Қазақстан Бірінші лигасының 12-турында сырт алаңда шымкенттік "Академия Оңтүстік" командасын жеңді.

instagram.com/shakhterfc/

Шымкенттегі маңызды үш ұпай

Қарағандылық клуб Шымкенттегі ойында мінез көрсетіп, турнирлік кесте үшін аса маңызды жеңіске жетті. 

Матчтағы есеп 14-минутта ашылды. Қорғаныстың сыртына бағытталған ұзын пастан кейін Артем Литош допқа бірінші жетіп, айып алаңына пас шығарды. Максим Галкин бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланып, допты кеудесімен қақпаға бағыттады.

Алаң иелері екінші тайм бастала салысымен жауап қайтарды. 47-минутта айып добынан кейін Әлихан Әли әуедегі таласта басым түсіп, баспен дәл соққы жасады. Ойын соңына қарай екі команда да сақ қимылдағанымен шешуші сәт қонақтардың пайдасына шешілді.

Кездесу тең аяқталуға жақын тұрған сәтте “Шахтер” шабуылшысы Артем Литош командасын алға шығарды. Ол 90-минутта мергендігімен көзге түсті. 

“Шахтер” Бірінші лиганың көшбасшысы атанды

Осы жеңістен кейін қарағандылық клуб 31 ұпай жинап, Бірінші лиганың турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

“Қайрат-Жастар” еншісінде 29 ұпай бар және алматылық команда бір ойын кем өткізген. Ал “Академия Оңтүстік” 20 ұпаймен бесінші орынға түсті.

Реклама
Реклама