"Реал" Дензел Дюмфристің трансферін ресми жариялады

Футбол шолушысы
Бүгін, 18:04

Испаниялық гранд миландық "Интерден" Нидерланд құрамасының қорғаушысы Дензел Дюмфристі қатарға қосты.

instagram.com/ddumfries2/

“Реалмен” ұзақ мерзімді келісімшарт

Ресми ақпаратқа сәйкес, 30 жастағы футболшы мадридтік клубпен 2030 жылға дейін келісімшартқа қол қойған. Трансфер құны – 20 миллион еуро.

Айта кетейік, Transfermarkt.de порталы Дензел Дюмфристің нарықтағы бағасын 25 миллион еуроға бағалап отыр. Осылайша “Реал” тәжірибелі қорғаушыны салыстырмалы түрде тиімді бағаға алған деуге болады.

Өткен маусымдағы көрсеткіші

Дюмфрис өткен маусымда “Интер” сапында барлық турнирді қосқанда 28 матчқа қатысып, 5 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді. Қорғаушы бола тұра шабуылға жиі араласатын нидерландылық ойыншы миландық клубтың маңызды футболшыларының бірі болды.

Клубтық маусым аяқталғаннан кейін Дюмфрис Нидерланд құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысты. Турнир барысында 4 кездесуде алаңға шығып, 3 нәтижелі пасымен көзге түсті.

Дензел Дюмфристің мадридтік клубқа ауысуы “Реалдың” оң қапталдағы бәсекені күшейтуге бағытталған қадамы ретінде бағалануда.

Реклама
Реклама