ӘЧ-2026: Турнир қожайындары жарыс жолын аяқтады

Бас редактор
07.07.2026, 07:59

Бүгін АҚШ құрамасы турнир қожайындары арасында соңғы болып мундиальмен қоштасты.

People.com

2026 жылғы әлем чемпионатында турнир қожайындарының бәрі жарыс жолын аяқтады. АҚШ, Канада және Мексика құрамалары 1/8 финал кезеңінен ары аса алмады.

Бүгін Әлем чемпионатының 1/8 финалында АҚШ пен Бельгия құрамалары кездесті. Ойын Сиэтл қаласындағы "Люмен Филд" стадионында өтті.

Матчта Бельгия құрамасы айқын басымдық танытып, алаң иелерін 4:1 есебімен жеңді. Осылайша АҚШ құрамасы турнир қожайындары арасында соңғы болып мундиальмен қоштасты.

Канада мен Мексика бұған жарыс жолынан шығып қалды

АҚШ-қа дейін әлем чемпионатын қабылдаған тағы екі ел — Канада мен Мексика да 1/8 финалда жарыстан шығып қалған еді.

Канада құрамасы Мароккодан 0:3 есебімен жеңілді. Ал Мексика Англияға қарсы тартысты матч өткізіп, 2:3 есебімен есе жіберді.

Осылайша 2026 жылғы әлем чемпионатын қабылдаған үш мемлекеттің ешқайсысы ширек финалға өте алмады.

Әлем чемпионаты жаңа форматта өтіп жатыр

2026 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет 48 құраманың қатысуымен ұйымдастырылды. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады.

Айта кетейік, Әлем чемпионатының қазіргі жеңімпазы — Аргентина құрамасы. 2022 жылы Қатарда өткен финалда аргентиналықтар Францияны пенальти сериясында жеңген еді.

Реклама
Реклама