Мұхамед Салахқа "Атлетиконың" көзі түсті

Бас редактор
07.07.2026, 10:05

Биыл мысырлық шабуылшы "Ливерпуль" сапынан кеткен болатын. 

Offside.kz

Мадридтік "Атлетико" шабуыл шебін күшейту үшін Мұхамед Салахты өз қатарына қоспақ. Fichajes.net мәліметінше, мысырлық футболшы клубтың басты трансферлік мақсаттарының біріне айналған.

Дереккөз мәліметінше, Антуан Гризманн кеткеннен кейін "Атлетико" шабуылдағы көшбасшы рөлін атқара алатын футболшы іздеуге көшкен. Осы тұрғыда мадридтік клуб Мұхамед Салахқа қызығушылық танытуда. 

33 жастағы ойыншы "Ливерпульден" еркін агент ретінде кеткендіктен, "Атлетико" оған трансферлік өтемақы төлемейді. Алайда команда сапына қосу үшін Салахқа жоғары жалақы ұсынуы керек.

Салахтың "Ливерпульдегі" мансабы

Мұхамед Салах "Ливерпуль" сапында тоғыз маусым ойнап, клуб тарихындағы ең нәтижелі футболшылардың біріне айналды.

Премьер-лигада 193 гол соғып, 94 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар ағылшын клубымен Чемпиондар лигасын, екі рет Англия чемпионатын жеңіп алды және төрт мәрте АПЛ-дің "Алтын бутса" жүлдесін иеленді.

Реклама
Реклама