Жозе Моуринью "Реалдан" кетуі мүмкін бес футболшыны анықтады

Бокс шолушысы
27.07.2026, 21:10

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері жаңа маусым қарсаңында команданың құрамын қайта жасақтауды жоспарлап отыр.

instagram.com/realmadrid/

Моуринью команданы жаңартпақ

Испания чемпионатының жаңа маусымы басталғанға дейін үш аптаға жуық уақыт қалды. Мадридтік клуб алдағы бәсекеге жаңа бас бапкерімен және жоғары мақсаттармен кіріспек.

“Реалға” қайта оралған Жозе Моуринью өз ойын жүйесіне сәйкес келетін футболшыларға сенім артуды көздейді. Сонымен қатар португалиялық маманның жоспарына кірмейтін ойыншылар да бар.

As басылымының мәліметінше, мадридтік клуб жаңа жұлдыздарды сатып алу үшін үш ойыншыны сатуға дайын.

Командадан кетуі ықтимал футболшылар:

  • Рауль Асенсио;
  • Гонсало Гарсия;
  • Франко Мастантуоно.

Дереккөздің жазуынша, аталған үш ойыншы да мансабын жалғастыратын жаңа команда іздей бастаған.

Диас пен Камавинга негізгі құрамға кірмеді

Бұған қоса, жартылай қорғаушылар Браим Диас пен Эдуардо Камавинга Моуриньюдің алдағы маусымға арналған негізгі құрам тізіміне енбеген. Бірақ қос футболшы “Реалдан” кетуге асықпайды. Олар жаттығу мен матчтарда өздерінің командаға қажет екенін дәлелдеуге ниетті.

Корольдік клуб бірнеше футболшымен қоштасу арқылы жалақы қорын жеңілдетіп, жаңа ойыншыларды сатып алуға мүмкіндік жасауды жоспарлап отыр. Енді түпкілікті шешім маусым алдындағы дайындық пен Моуриньюдің ойыншыларға берген бағасына байланысты болады.

Реклама
Реклама