Абат Айымбетовке "Шахтерден" ұсыныс түскен

Жекпе-жек шолушысы
27.07.2026, 21:45

Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Ақтөбеге" оралмай тұрып, мансабын Қарағандының "Шахтер" клубында жалғастыруы мүмкін болған.

instagram.com/aimbetov9507/

Ұзақмерзімді келісімшарт ұсынылған

Журналист Елдар Аманбаевтың мәліметінше, қарағандылық клуб жазғы трансфер кезеңінде Абат Айымбетовты қатарына қосу үшін белсенді жұмыс жүргізген. “Шахтер” басшылығы қазақстандық шабуылшыға ұзақмерзімді келісімшарт ұсынып, трансферді аяқтауға ниетті болған. Дегенмен футболшы ақырында “Ақтөбеге” оралуды жөн көрді.

Дереккөздің хабарлауынша, шабуылшының шешіміне әсер еткен негізгі себептердің бірі – табиғи көгалда көбірек матч өткізуге деген ниеті. “Ақтөбе” Абат Айымбетовтың командаға қайта оралғанын 15 шілде күні ресми түрде жариялады.

Абат Айымбетов – “Ақтөбенің” түлегі

Айымбетов – “қызыл-ақтардың” футбол мектебінен шыққан ойыншы. Бұған дейін клубтың негізгі құрамында 100-ден астам кездесу өткізіп, 25 гол соққан.

2013 жылы шабуылшының маңызды голдарының бірі “Ақтөбеге” Қазақстан чемпионы атануына көмектесті.

Қазақстандық футболшының соңғы шетелдік командасы Румынияның “Петролул” клубы болды. Ол румыниялық ұжым сапында тоғыз матч өткізіп, бір рет мергендік танытты.

Айымбетов мансабында мына клубтарда да ойнады:

  • “Қайрат”;
  • “Астана”;
  • “Крылья Советов”;
  • “Адана Демирспор”.

Шабуылшы Қазақстан құрамасы сапында 45 матч өткізіп, тоғыз гол соққан.

Реклама
Реклама