"Ертіс" 104-минутта пенальти орындап жеңіске жетті (ВИДЕО)
Павлодардың "Ертісі" Қазақстан Премьер-лигасының 20-турында Ақтаудың "Каспийін" 3:2 есебімен жеңді.
"Каспий" алға шықты
Қонақтар ойынның алғашқы минуттарынан-ақ белсенділік танытты. Соның нәтижесінде Ноа Ндомбази мергендігімен көзге түсті.
Жіберілген голдан кейін алаң иелері шабуылды күшейткенімен бірінші тайм аяқталғанша есеп өзгерген жоқ.
Екінші таймдағы камбэк
Үзілістен кейін павлодарлықтар қарсыластың қорғаныстағы қателіктерін тиімді пайдаланды.
Алдымен Жан Морель По есепті теңестірсе, кейін Юши Шимамура "Ертісті" алға шығарды. Деенмен "Каспий" де қарымта жауап беріп, Павел Седько пенальтиден мүлт кетпеді.
Матчтың соңына қосылған уақыттың 104-минутында алаң қожайындары тағы бір пенальти орындауға мүмкіндік алды. Он бір метрлік соққыны Жан Морель По дәл орындап, командасына маңызды үш ұпай сыйлады.
"Ертіс" соңғы орында қалды
Бұл жеңіске қарамастан павлодарлық клуб 17 ұпаймен турнир кестесінде соңғы орында қалып отыр. Ал 21 ұпай жинаған ақтаулықтар кестенің орта тұсында орналасқан.