"Ордабасы" ҚПЛ кестесінде "Қайраттан" озды (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы
02.08.2026, 22:04

Шымкентті клубы Қазақстан Премьер-лигасының 20-турында Қостанайдың "Тобыл" қақпасына жауапсыз екі доп соқты.

instagram/@fc__ordabasy

Эльхан Астанов бірінші таймда есеп ашты

Бірінші таймда "Ордабасының" жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов мергендік танытып, командасын алға шығарды.

Үзілістен кейін де шымкенттіктер басымдығын жоғалтқан жоқ. Есепті ұлғайтуға бірнеше мүмкіндік алғанымен біраз сәтті пайдалана алмады.

Кездесудің соңына қарай қорғаушы Сергей Малый "Тобыл" қақпасын дәл көздеп, қорытынды есепті белгіледі. Осылайша "Ордабасы" өз алаңында сенімді жеңіске жетіп, маңызды үш ұпайға ие болды.

"Қайраттан" озып кетті

Бұл жеңістен кейін "Ордабасының" еншісінде 46 ұпай болды. Шымкенттік клуб турнирлік кестеде 45 ұпайы бар Алматының "Қайратын" басып озды.

Ал 22 ұпай жинаған Қостанайдың "Тобылы" турнир кестесінің орта тұсында қалып отыр.

Реклама
Реклама