Дастан Сәтпаев "Челсиде" Мудрикпен кездесті (ВИДЕО)
Лондондықтар маусым алдындағы тур барысында украиналық Михаил Мудрик пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың кездескен сәтін жариялады.
Қысқаша әңгімелесті
Ағылшындық клуб таратқан видеода Михаил Мудрик Дастан Сәтпаевтың жанына келіп, онымен біраз уақыт сөйлескені көрінеді. Одан кейін украиналық вингер Дастанмен қоштасып, клубтың фотосессиясына қарай бет алған.
Михаил Мудрик “Челсидің” Гонконгтағы оқу-жаттығу жиынына бірнеше футболшымен бірге қосылды. Олардың қатарында Педру Нету, Жеовани Кенда, Дэнни Уэлбек, Майк Пендерс және Габриэль Слонина бар.
Украиналық ойыншы допингке қатысты тергеу аяқталғаннан кейін 2024 жылдың желтоқсанынан бері алғаш рет командалық жаттығуларға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Сәтпаев дайындықтан өтіп жатыр
17 жастағы Дастан Сәтпаев лондондық клубпен бірге жаңа маусымға дайындалуда. Қазақстандық шабуылшы “Вестерн Сидней Уондерерс” командасына қарсы алғашқы жолдастық кездесуде негізгі құрамда шығып, “Челсидің” Хаби Алонсо басшылығындағы алғашқы голын соқты.
Нәтижелі өткен матчта ағылшындықтар 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Сәтпаев “Тоттенхэммен” өткен екінші жолдастық кездесуге екінші таймда қосвлды. Бұл ойында “ақсүйектер” қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.
Лондондық команда Австралиядағы турын аяқтағаннан кейін Гонконгке аттанды. Маусым алдындағы келесі кездесуін Туриннің “Ювентусіне” қарсы өткізеді.