Хаби Алонсо Дастан Сәтпаевке жеке нұсқау берді (ВИДЕО)

Футбол шолушысы
Бүгін, 20:02

"Челсидің" бас бапкері Гонконгтегі ашық жаттығу кезінде Қазақстан құрамасының шабуылшысымен жеке жұмыс істеді.

instagram.com/chelseafc/

Алонсодан жеке кеңес

Желіде тараған видеодан Хаби Алонсоның жаттығу барысында Дастан Сәтпаевтың жанына келіп, ойын эпизодына қатысты нұсқау бергенін көруге болады. Қазақстандық футболшы бапкердің сөзін мұқият тыңдап, артынша жаттығуды жалғастырды.

Лондондық команданың жаттығуы журналистер мен жанкүйерлердің қатысуымен өтті. “Челси” Азиядағы маусым алдындағы турнесінің қорытынды кездесуіне дайындалды.

Сәтпаев бұған дейін ағылшын клубының екі жолдастық матчында алаңға шықты. “Уэстерн Сидней Уондерерске” қарсы ойында негізгі құрамнан орын алып, алғашқы голын соқты. Ал “Тоттенхэммен” кездесуде екінші таймда ойынға қосылып, шабуылдың екі қапталында да әрекет етті.

“Челси” – “Ювентус” матчы қашан?

5 тамызда “Челси” Туриннің “Ювентус” клубымен жолдастық матч өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 16:30-да басталады.

Бұл ойын лондондық команданың Азиядағы маусым алдындағы турнесін қорытындылайды.

Реклама
Реклама