ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

17 мың жанкүйер "Қайратқа" қарсы: Софиядағы матчта аншлаг болады

"Левски" клубы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Қайратқа" қарсы матчқа барлық билеттің сатылғанын хабарлады.

17 мың жанкүйер "Қайратқа" қарсы: Софиядағы матчта аншлаг болады
instagram.com/pfclevskiofficial/

Софияда аншлаг болады

Болгариялық клубтың баспасөз қызметі билеттердің толық сатылғанын ресми түрде мәлімдеді. Осылайша “Қайратты” алаң иелерін қолдайтын жанкүйерлерге толы трибуналар күтіп тұр. Бұл алматылық командаға қосымша қысым тудыруы мүмкін.

Кездесу Софиядағы “Георги Аспарухов” стадионында өтеді. Арена халықаралық матчтар кезінде 17 688 көрермен қабылдай алады.

Бірақ нақты жанкүйерлер саны бұдан сәл аз болуы ықтимал. Бұған қонақ команданың жанкүйерлеріне бөлінетін квота, қауіпсіздік талаптары және УЕФА үшін алдын ала сақталған орындар әсер етеді.

Матч қашан басталады?

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын 4 тамызда Софияда өтеді. Матчтың басталу уақыты – 22:30 (Астана уақытымен).

Қарымта кездесу 11 тамызда Түркістанда өтеді.

“Левски” мен “Қайрат” арасындағы екі кездесудің қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.