Қазақстан құрамасын "Аякс" жүйесінде жұмыс істеген маман басқарады

Футбол шолушысы
06.08.2026, 20:50

Футболдан Қазақстан құрамасының тізгінін нидерландтық маман Джон ван’т Схип ұстауы мүмкін.

instagram/@afcajax

Тізгінді Джон ван’т Схип ұстайды

AmanVIBE мәліметінше, Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері қызметіне Джон ван’т Схип таңдалған.

"Ұлттық құраманы нидерландтық маман Джон ван’т Схип басқарады. Қолда бар ақпарат бойынша 62 жастағы жаттықтырушы арнайы баспасөз мәслихатында ұлттық команданың жаңа бапкері ретінде ресми таныстырылады", — деп жазды дереккөз.

Қазақстан футбол федерациясы әзірге маманның тағайындалғанын ресми түрде растаған жоқ.

Скотт Маннмен бірге жұмыс істеген

Нидерландтық бапкер ҚФФ бас хатшысы Скотт Маннмен жақсы таныс екені айтылады.

Екі маман бұған дейін Австралияның "Мельбурн Сити" клубында бірге қызмет атқарған. Сол кезеңде Джон ван’т Схип команданың бас бапкері болған.

Бұл жағдай нидерландтық маманның Қазақстан құрамасына келуі мүмкін деген ақпаратты күшейте түсті.

Джон ван’т Схип қандай командаларды жаттықтырды?

Джон ван’т Схиптің бапкерлік тәжірибесі мол. Ол әр жылдары Амстердамның "Аякс" жүйесінде жұмыс істеп, жастар командасын және негізгі құрамды жаттықтырған.

Сондай-ақ маманның еңбек жолында мынадай командалар бар:

  • "Твенте";
  • "Зволле";
  • "Гвадалахара";
  • "Мельбурн Сити";
  • Грекия құрамасы.

Бұған қоса, ол Нидерланд құрамасының жаттықтырушылар штабында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған.

Реклама
Реклама