"Атырау" бапкері тізгінді босатты

Бокс шолушысы
Бүгін, 17:40

"Атырау" футбол клубында бапкерлік ауыс-түйіс болды. Қазақстандық маман Владимир Чебурин команданың бас бапкері қызметінен кетті.

instagram.com/fc_atyrau/

Чебурин командадан кетті

Клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Владимир Чебуринмен жасалған келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша тоқтатылған. Қазақстандық маман “мұнайшылар” тізгінін 2026 жылдың 6 наурызында ұстаған.

Чебуринның тұсында “Атырау” Қазақстан Премьер-лигасында 19 матч өткізіп, 19 ұпай жинады. Қазір клуб турнир кестесінде 13-орында тұр. Команданың нәтижесі маусым барысында тұрақсыз болып, клуб басшылығы бапкерлер штабында өзгеріс жасауға шешім қабылдады.

Смақов келуі мүмкін

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында “Атыраудың” жаңа бас бапкері қызметіне Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Самат Смақов келуі мүмкін екені хабарланған.

Әзірге клуб жаңа бас бапкердің тағайындалғаны туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Реклама
Реклама