"Қайрат" ойыншылары Германияның "Вердерін" ойсырата жеңді

Бокс шолушысы
09.08.2026, 15:35

Алматылық "Қайраттың" U-17 командасы Швейцарияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына жолдама алды.

KazFootball.kz

Швейцарияда өтіп жатқан халықаралық жасөспірімдер турнирінде "Қайрат" U-17 командасы сәтті өнер көрсетіп жатыр. Алматылықтар жартылай финалда неміс футбол мектебінің өкілі "Вердермен" кездесіп, ірі есеппен жеңіске жетті.

Жартылайфиналдық кездесуде "Қайрат" жасөспірімдері қарсыласынан айқын басым түсті.

Матч 3:0 есебімен алматылық клубтың пайдасына аяқталды. Бұл жеңіс "Қайратқа" турнирдің шешуші кезеңіне шығуға мүмкіндік берді.

"Қайрат" сапында Тамерлан Сарсымбаев, Роман Черноморец және Ислам Рашидов мергендігімен көзге түсті. Дәл осы голдар алматылық команданың финалға шығуын қамтамасыз етті.

Топтық кезеңде де бірінші орын алды

"Қайрат" плей-оффқа дейін де сенімді ойын көрсетті. Алматылықтар топтық кезеңді бірінші орынмен аяқтады. Үш матч қорытындысында команда жеті ұпай жинап, өз квартетінде көш бастады.

Реклама
Реклама