Дастан Сәтпаев Малайзияда "Челси" сапында алаңға шықты

Жекпе-жек шолушысы

Лондондықтар Азиядағы маусым алдындағы дайындық аясында Малайзияның "Джохор Дарул Такзим" командасымен тең ойнады.

Дастан Сәтпаев Малайзияда "Челси" сапында алаңға шықты
instagram/@chelsea.mail

Алты гол соғылған ойын

Малайзияда өткен жолдастық кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Лондондық команда сапында Лиам Делап екі рет пенальтиден мергендік танытты. "Челсидің" тағы бір добы автоголмен тіркелді.

Ал "Джохор Дарул Такзим" құрамында Ариф Айман, Оскар Аррибас және Бергсон нәтижелі соққыларымен көзге түсті.

Сәтпаев 87-минутта алаңға шықты

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев кездесуді қосалқы құрамда бастады. Ол матчтың 87-минутында ойынға қосылды. 

Сәтпаевтың лондондық клубтың маусым алдындағы матчтарына қатысуы қазақстандық жанкүйерлердің ерекше назарын аударып отыр.

"Джохор Дарул Такзимге" қарсы кездесу ағылшындық клуб үшін Азиядағы тур аясында соңғы ойын болды.