Қазақстандық төрешілер Конференция лигасының матчына тағайындалды
Төрешілер бригадасы УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі "Шкендия" - "Хиберниан" арасындағы қарымта матчты басқарады.
Кездесудің бас төрешісі болып Болат Сариев бекітілді. Оған алаңда Сергей Васютин мен Денис Лабашов көмектеседі. Қосалқы төреші қызметін Данил Горда атқарады. VAR жүйесінде Айдын Тасыбаев жұмыс істесе, оның ассистенті венгриялық төреші Тамаш Богнар болады.
Матч 13 тамызда Скопьедегі “Тоше Проески” стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады.
“Хиберниан” бірінші ойында жеңіске жетті
Командалар арасындағы алғашқы матч Шотландияда өтіп, “Хибернианның” 2:1 есебімен жеңісімен аяқталған. Енді қос команда Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне шығу жолындағы тағдырын Скопьедегі қарымта кездесуде шешеді.
Жарнама
Жарнама