ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

ҚФФ бір төрешіні жарыстан шеттетті

ҚФФ мәліметінше, федерацияда төрешілердің біріне заңсыз ықпал етуге әрекет жасалған болуы мүмкін деген ақпарат бар.

ҚФФ бір төрешіні жарыстан шеттетті
kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы жекелеген клуб өкілдерінің бәсекелестік артықшылыққа ие болу мақсатында төрешілердің жұмысына заңсыз ықпал етуге тырысқаны туралы ақпарат бар екенін мәлімдеді.

Федерацияның хабарлауынша, мұндай ықтимал әрекеттердің біріне қатысты ішкі тексеру жүргізіліп, бір төрешіні футбол жарыстарында жұмыс істеуден мерзімсіз шеттету туралы шешім қабылданған.

ҚФФ мәліметінше, федерацияда төрешілердің біріне заңсыз ықпал етуге әрекет жасалған болуы мүмкін деген ақпарат бар. Қолда бар деректер мен мән-жайларды қарау нәтижесінде аталған төрешіні футбол жарыстарына қызмет көрсетуден мерзімсіз шеттету туралы шешім қабылданды. Әзірге төрешінің аты-жөні жарияланған жоқ.

Қысым көрсету және ақша ұсыну фактілері тексеріледі

Федерация төрешілерге немесе футбол жарыстарына қатысушыларға қысым көрсету, материалдық сыйақы ұсыну және заңсыз ықпал етудің басқа да түрлеріне қатысты ақпараттарды жинау мен талдауды жалғастырып жатқанын хабарлады.

ҚФФ спорттық нәтижелерді манипуляциялауға қатысты кез келген әрекетке нөлдік төзімділік қағидатын ұстанатынын атап өтті. Төрешілерге қысым көрсетуге, ақша ұсынуға немесе беруге, сондай-ақ матч барысына алаңнан тыс араласудың кез келген түріне жол берілмейді. Фактілер расталса, нақты шара қолданылады

Федерацияға келіп түскен барлық ақпарат мұқият тексерілмек. Егер заңсыз ықпал ету немесе матч нәтижесін манипуляциялау фактілері расталса, ҚФФ қолданыстағы регламенттер мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қабылдайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ федерация өз құзыреті шегінде тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізетінін атап өтті.

Заңнаманы күшейту жоспарланып отыр

ҚФФ спорттық жарыстарды манипуляциялаудың аса ауыр түрлері үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында Қазақстан заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

Федерация жарыстардың адалдығы, төрешілердің тәуелсіздігі және жанкүйерлердің сенімі Қазақстан футболының негізгі қағидаттары болып қала беретінін мәлімдеді.

ҚФФ футбол алаңынан тыс жолмен спорттық нәтижеге ықпал етуге бағытталған кез келген әрекеттің жолын кесуді жалғастыратынын жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.