Бауыржан Исламханға қазақстандық клуб қызығушылық танытты
Тәжірибелі жартылай қорғаушы 2026 жылғы ҚПЛ маусымында "Астана" сапында 2 гол және 9 ассист тіркеді.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан мансабын Түркістанның "Тұран" клубында жалғастыруы мүмкін.
AmanVIBE дерегінше, қазір түркістандық клуб тәжірибелі футболшымен келіссөз жүргізіп жатыр.
"Мендегі ақпарат бойынша, клуб құрамды күшейту жұмыстарын бастап кетті. Атап айтқанда, "Тұран" Бауыржан Исламханмен нақты келіссөз жүргізіп жатыр", – деп жазды дереккөз.
Сондай-ақ Исламханның ҚПЛ маусымының екінші бөлігінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүргені айтылды.
"Тұран" ҚПЛ-ге оралуға жақын
Түркістандық команда қазір Бірінші лигада өнер көрсетеді. 20 матчтан кейін "Тұран" 41 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында тұр.
Дереккөз клубтың маусым қорытындысында ҚПЛ-ге жолдама алу мүмкіндігін жоғары бағалап отыр. Сондықтан команда Премьер-лигаға оралған жағдайда бәсекеге қабілетті құрам жасақтау үшін трансферлік жұмысты қазірден бастаған.
Исламханның биылғы статистикасы
Бауыржан Исламхан 2026 жылғы маусымда "Астана" сапында Қазақстан Премьер-лигасында 21 матч өткізді.
Осы кездесулерде жартылай қорғаушы 2 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.