Бауыржан Исламхан клуб ауыстыруға жақын
33 жастағы Қазақстан құрамасының капитаны мансабын түркістандық "Тұранда" жалғастыруы мүмкін.
"Астанадан" еркін агент ретінде кетті
Исламхан өткен маусымда "Астана" сапында 29 матч өткізіп, үш гол соқты және тоғыз нәтижелі пас берді. Осы көрсеткішімен Қазақстан Премьер-лигасындағы үздік ассистенттердің қатарына енді.
15 қарашадан бері футболшы еркін агент мәртебесінде жүр. Елдар Аманбаевтың жазуынша "Тұран" осы мүмкіндікті пайдаланып, жартылай қорғаушымен келіссөзді жедел жүргізген клубтардың бірі болды.
Исламхан бұған дейін де "Тұран" құрылымында болған. 2025 жылы жарақатына байланысты түркістандық команда сапында бірде-бір ресми матчқа қатыса алмаған.
Енді тәжірибелі ойыншының Премьер-лигаға жолдама алған клубта өнер көрсету мүмкіндігі туып отыр.
"Тұран" ҚПЛ-ға қандай нәтижемен шықты?
Түркістандықтар биыл Қазақстанның Бірінші лигасын үшінші орында аяқтап, жоғары дивизионда ойнау құқығын иеленді. Команда 26 кездесуде 57 ұпай жинады:
18 жеңіс;
3 тең ойын;
5 жеңіліс.
Ал Қазақстан кубогының 2026 жылғы маусымында "Тұран" жарысты 1/16 финалда аяқтады. Бұл кезеңде команда "Елімайға" 1:4 есебімен есе жіберді.