"Тобыл" өз алаңында "Партизанға" жеңіліп, еурокубоктан шығып қалды
Қостанайлық "Тобыл" Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта сербиялық "Партизанға" жол берді.
Қостанайлық клуб ойынның алғашқы минуттарынан-ақ допқа көбірек иелік етіп, қарсылас қақпасына қысым жасауға тырысты. Бірінші таймда алаң иелерінің шабуылы нәтижесін беріп, Ислам Чесноков керемет соққымен есеп ашты.
Үзілістен кейін сербиялық команда белсенділігін арттырды. Қонақтардың шабуылында қақпашы Сұлтан Бұсырманов соққыдан кейін допты қақпа сызығынан асып кеткен кезде тоқтатты. Нәтижесінде есеп теңесті.
Одан кейін екі команда да жеңіс голын іздеп, қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Матчтың тағдыры қосымша уақытта шешілді. 92-минутта Шака Траоре белградтықтардың екінші добын соғып, командасына жеңіс әкелді.
Жарнама
Жарнама