Жарнама
Жарнама

"Бернлидің" бас бапкері Дастан Сәтпаевтың ойынына баға берді

"Бернли" командасының бас бапкері Ники Хайен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың маусымның басындағы ойыны туралы пікір білдірді.

"Бернлидің" бас бапкері Дастан Сәтпаевтың ойынына баға берді
instagram/d.satpayev

Англиялық клуб жаңа Чемпионшип маусымын сәтті бастай алған жоқ. Екі турдан кейін "Бернлидің" еншісінде бір ғана ұпай бар. Сонымен қатар команда Англия Кубогының екінші кезеңінде "Брэдфордтан" жеңіліп, турнирден шығып қалды.

Соған қарамастан, Ники Хайен қазақстандық жас шабуылшының алғашқы ойындарына оң баға берді.

"Дастан өте жақсы ойнады. Ол қарсылас қақпасына қауіп төндіреді және үнемі белсенді әрекет етуге тырысады. Бірақ бұл алғашқы ойындар ғана. Сондықтан Дастанға және басқа да жаңа ойыншыларға лигадағы жоғары қарқынға толық бейімделу үшін аздап уақыт қажет. Бізге керегі де осы уақыт. Олардың жаттығудағы жұмысын көріп жүрміз және енді сол еңбекті алаңда көрсету маңызды", — деді маман баспасөз конференциясында.

"Бернлидің" келесі ойыны

"Бернли" Чемпионшиптің үшінші турында бүгін, 29 тамызда сырт алаңда "Норвичке" қарсы ойнайды. Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. 18 жастағы Дастан Сәтпаев "Бернли" клубына "Челсиден" жалға алу шартымен ауысқан болатын. Қазақстандық футболшы жаңа командасындағы алғашқы ресми кездесулерінде алаңға шығып үлгерді.

Жарнама
Жарнама