ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
Жастар құрамасының Еуро іріктеуіне қатысатын ойыншылары жарияланды
instagram/@kallmurza

Жастар құрамасының Еуро іріктеуіне қатысатын ойыншылары жарияланды

Қазақстан U-21 бас бапкері Владимир Чебурин 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаң матчтарына қатысатын футболшылар тізімін жариялады.

Жастар құрамасына 23 футболшы шақырылды

 

Қазақстан U-21 құрамасы алдағы оқу-жаттығу жиыны барысында Англия, Ирландия және Молдова жастар командаларымен кездеседі.

Владимир Чебуриннің тізіміне үш қақпашы, сегіз қорғаушы, жеті жартылай қорғаушы және бес шабуылшы енді.

Қақпашылар

  • Мирас Рихард — "Ертіс";
  • Саятхан Құсайынов — "Тұран";
  • Шерхан Қалмырза — "Қайрат".

Қорғаушылар

Жартылай қорғаушылар

Шабуылшылар

  • Артем Литош — "Шахтер";
  • Ян Труфанов — "Атырау";
  • Мағжан Тоқтыбай — "Ордабасы";
  • Мақсат Абраев — "Астана";
  • Мансұр Бірқұрманов — "Қайрат".

Қазақстан U-21 құрамасының алдағы матчтары

25 қыркүйек

Англия U-21 — Қазақстан U-21. "Молинью" стадионы, Вулверхэмптон

29 қыркүйек

Ирландия U-21 — Қазақстан U-21. "Тернерс Кросс" стадионы, Корк

6 қазан

Молдова U-21 — Қазақстан U-21. Орталық стадион, Ниспорены

Осылайша Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2027 іріктеуі аясында қатарынан үш ойынды сырт алаңда өткізеді. Алғашқы екі кездесуде Владимир Чебурин шәкірттерін Англия мен Ирландия құрамаларына қарсы күрделі сынақ күтіп тұр.

Жарнама
Жарнама