ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
Криштиану Роналду клубсыз қалуы мүмкін
instagram/cristiano

Криштиану Роналду клубсыз қалуы мүмкін

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың "Әл-Наср" клубындағы болашағына қатысты жаңа болжам айтылды.

Саудиялық журналист Сауд Әл-Сарами футболшының командадан қаңтар айында кетуі мүмкін екенін Al-Arabiya FM эфирінде мәлімдеді.

"Криштиану өз мүмкіндігінің шегіне жеткен футболшыға айналды және "Әл-Наср" үшін ауыртпалық болып отыр. Менің ойымша, Роналду қаңтарда клубтан кетеді", — деді журналист.

Бұл  инсайдердің жеке болжамы. Қазіргі уақытта Криштиану Роналдудың "Әл-Насрдан" кететіні туралы клуб немесе футболшы тарапынан ресми ақпарат жоқ.

"Әл-Наср" АФК Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі сәтсіз бастады. Саудиялық клуб алғашқы кездесуінде БАӘ-нің "Әл-Айн" клубыннан 4:0 есебімен ойсырай жеңілді.

Криштиану Роналду "Әл-Наср" сапына 2023 жылдың 1 қаңтарында ресми түрде қосылды. Содан бері португалиялық шабуылшы барлық турнирде 156 матч өткізіп, 132 гол соққан және 23 нәтижелі пас берген.

Роналду командамен бірге 2025/26 маусымында Сауд Арабиясы Про-лигасының чемпионы атанды. Бұдан бөлек, португалиялық футболшы Сауд Арабиясы чемпионатында бір маусымда 35 гол соғып, рекорд орнатты.

Жарнама
Жарнама