ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
"Тараз" "Шахтердың" 15 матчтық жеңісті сериясын тоқтатты
instagram/@shakhterfc

"Тараз" "Шахтердың" 15 матчтық жеңісті сериясын тоқтатты

Қарағандылық "Шахтер" ФК Бірінші лиганың 23-турында өз алаңында "Таразбен" тең түсті.

"Шахтер" мүмкіндіктерін пайдалана алмады

Матчтың алғашқы бөлігінде алаң иелері допқа көбірек иелік етіп, шабуылда белсенді қимылдады. Бірақ қарағандылық футболшылар бірнеше қолайлы мүмкіндігін голға айналдыра алмады.

"Тараз" ойыншылары қарсы шабуылдар арқылы жауап беруге тырысты. Дегенмен "Шахтердың" қорғаныс шебі сенімді ойнап, қауіпті сәттердің алдын алды.

Екінші таймда да есеп ашылмады

Үзілістен кейін кездесудің сипаты айтарлықтай өзгерген жоқ. Екі команда да жеңіс голын іздеп, шабуылдарын жалғастырды. Соған қарамастан матч соңына дейін таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Осы тең нәтижеден кейін "Шахтердың" Бірінші лигадағы қатарынан 15 матчқа созылған жеңісті сериясына нүкте қойылды. Қарағандылық команда 62 ұпаймен турнир кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды. Ал қоржынына бір ұпай қосқан "Тараз" 30 ұпаймен алтыншы орында келеді.

Жарнама
Жарнама