ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы алдында маңызды шешім қабылдады
sportnews.kz

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы алдында маңызды шешім қабылдады

Қазақстан турнирдегі алғашқы кездесуін 26 қыркүйекте Фарер аралдарына қарсы өткізеді.

Қазақстан футбол құрамасының UEFA Ұлттар лигасындағы матчтарға дайындық жоспары белгілі болды. Ұлттық команда алғашқы оқу-жаттығу жиынын Астанада өткізеді, ал кейін Түркістанға ауысады. AmanVIBE мәліметінше, мұндай шешім алда сырт алаңда өтетін кездесулердің ерекшеліктеріне байланысты қабылданған.

Қазақстан құрамасы бүгін Астанада бас қосады. ҚПЛ-дың бүгінгі матчтарына қатысатын бірқатар футболшы ұлттық командаға ойындар аяқталғаннан кейін қосылады. 

Ал 24 қыркүйекте Қазақстан құрамасы чартерлік рейспен Фарер аралдарына аттанады. Джон ван'т Схип шәкірттері UEFA Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын 26 қыркүйекте Фарер аралдары құрамасына қарсы сырт алаңда өткізеді.

26 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Қазақстан құрамасын бірден төрт матч күтіп тұр.

Молдоваға дайындық Түркістанда өтеді

Дереккөздің хабарлауынша, Молдоваға қарсы матчтың алдында ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынын Түркістанда өткізеді. Бапкерлер штабының мұндай шешіміне алаң жабыны себеп болған. Молдовадағы кездесу табиғи көгалда өтетіндіктен, команда сол жағдайға алдын ала бейімделуді көздеп отыр. 

Қазақстан – Молдова сырт алаңдағы кездесуі 13 қарашаға жоспарланған.

Қазақстанның Ұлттар лигасындағы қарсыластары

2026/27 маусымындағы UEFA Ұлттар лигасының жеребесі бойынша Қазақстан C лигасының үшінші тобына түсті.

Ұлттық құраманың қарсыластары – Словакия, Фарер аралдары және Молдова.

Жарнама
Жарнама