Қазақстанға “ыңғайлы топ” түсті ме? Ұлттар лигасындағы қарсыластар белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Брюссельде УЕФА-ның Ұлттар лигасы 2026/27 маусымының топтық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.

Қазақстанға “ыңғайлы топ” түсті ме? Ұлттар лигасындағы қарсыластар белгілі болды
Instagram/@kff_team

Ұлттар лигасы-2026/27 қалай өтеді?

Жеребе қорытындысына сәйкес Қазақстан құрамасы С Лигасындағы C3 тобына түсті. Қазақстанның бұл топтағы қарсыластары: Словакия, Фарер аралдары және Молдова.

Жаңа маусымда 54 ұлттық федерация қатысады. Командалар рейтингке қарай төрт дивизионға бөлінеді: Лига A, Лига B, Лига C және Лига D.

С Лигасында төрт топ жасақталады және әр топта төрт құрамадан болады. Әр команда қарсыластарымен үйде және сыртта ойнап, жалпы алты матч өткізеді.

Матч күнтізбесі: ойындар қашан басталады?

УЕФА мәліметінше, Ұлттар лигасының топтық кезеңі 2026 жылдың қыркүйегінде басталады. Нақты ойын терезелері мына даталарға жоспарланған:

1-тур: 24–26 қыркүйек 2026

2-тур: 27–29 қыркүйек 2026

3-тур: 30 қыркүйек – 3 қазан 2026

4-тур: 4–6 қазан 2026

5-тур: 12–14 қараша 2026

6-тур: 15–17 қараша 2026

Топтық кезең аяқталғаннан кейін топ жеңімпаздары жоғары дивизионға көтерілу үшін мүмкіндік алады. Соңғы орын алғандар өз лигасында қалу/төмен түсіп кетпеу үшін өтпелі (плей-офф) матчтарына қатысуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір