Жаңа дәуір: "Ордабасыда" басшылық ауысуы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі

Шымкенттік клубта жақын арада жаңа инвестор пайда болмақ.

Жаңа дәуір: "Ордабасыда" басшылық ауысуы мүмкін
"Ордабасы" ФК

Шымкенттің "Ордабасы" клубында алдағы уақытта ауқымды өзгерістер болуы мүмкін, деп хабарлайды AmanVIBE.

Дереккөздің мәліметінше, 2023 жылғы ҚПЛ чемпионы жекеменшік қолға өтуі ықтимал. Қазіргі таңда клубты сатып алуға ниетті инвестор команданың ішкі құрылымы мен қызметімен танысып жатыр.

Егер жекешелендіру мәмілесі жақын арада жүзеге асса, клубтың қазіргі президенті қызметінен кетуі мүмкін.

Сондай-ақ жаңа басшылық құрамды күшейту мәселесін қарастыруда. Жоспар бойынша, командаға деңгейі жоғары үш легионер шақырылуы ықтимал. Алайда негізгі өзгерістер жазғы трансферлік кезеңде орын алуы мүмкін.

Еске салайық, өткен маусымда "Ордабасы" Премьер-лигада жетінші орын алды. Сонымен қатар, Қазақстан Кубогының финалында қостанайлық "Тобылға" есе жіберді.

Оқи отырыңыз:

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір