Станислав Черчесов Ғалымжан Кенжебекке қатысты жоспарымен бөлісті

Сарапшы, спорт журналисі

Ұлттық құрама ойыншысы трансферлік ауысым кезінде ресейдің "Ахмат" клубына ауысқан болатын. Грозныйлық клубта Кенжебек Самородовпен бірге ойнайтын болады.

Станислав Черчесов Ғалымжан Кенжебекке қатысты жоспарымен бөлісті
"Ахмат" ФК

Грозныйлық "Ахмат" клубының бас бапкері Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебектің деңгейіне баға берді, деп хабарлайды Championat.com.

"Кенжебек менің қоластымда Қазақстан құрамасында дебют жасады — мен оны Кипрдің екінші лигасынан шақыртып алдым. Жастар құрамасының өзінде-ақ оның қабілетін байқадым, ал қазір ол физикалық тұрғыдан да, ойын жағынан да есейді. Ендігі міндет – осының бәрін бір арнаға тоғыстырып, жай ғана жақсы футболшы емес, нәтижеге әсер ететін ойыншы қалыптастыру. Кенжебек жарқ етіп көзге түсе алады, бірақ ойын тек сондай сәттерден тұрмайды. Жарқ етіп, кейін көрінбей кету — жарамайды. Жартылай қорғаушы қорғаныста да, шабуылда да жұмыс істеуі керек, аймақтарды жабуы, сақтандыруы тиіс және тағы басқа. Оның ойынға қатысу белсенділігін арттыру үшін әлі де жұмыс істеуіміз қажет", – деді Черчесов.

Еске салайық, Ғалымжан Кенжебек "Ахмат" сапына қысқы трансферлік кезеңде қосылды. Ресейлік клубта Қазақстан құрамасының тағы бір шабуылшысы Максим Самородов та өнер көрсетеді.

Оқи отырыңыз:

PFL-дегі жарқын дебют: Исбулаев рейтингте бесінші орынға көтерілді;

Жаңа дәуір: "Ордабасыда" басшылық ауысуы мүмкін

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір