"Барселона" төрешілерге шүйлікті

Сарапшы, спорт журналисі

Кеше каталондық клуб "Атлетико" Мадридтен ірі есеппен жеңіліп қалған болатын. 

Испания Кубогының жартылай финалында “Барселона” сырт алаңда “Атлетико” Мадридтен ірі есеппен жеңіліп, матчтан кейін төрешілікке қатысты наразылық білдірді. Кездесу 12 ақпанда Мадридтегі “Сивитас Метрополитано” стадионында өткен болатын. 

Автогол және даулы VAR шешімі

Ойынның 6-минутында каталониялық қорғаушы Эрик Гарсия өз қақпасына гол соғып алды. Кейін мадридтіктер сапынан Антуан Гризманн, Адемола Лукман және Хулиан Альварес нәтижелі соққыларымен көзге түсті.

Екінші таймда “Барселона” есеп айырмасын қысқартуға тырысқанымен, соғылған гол VAR тексерісінен кейін офсайдқа байланысты есепке алынбады.

Ал 85-минутта “Барселона” он ойыншымен қалды – Эрик Гарсия қызыл қағаз алды.

Гарсия төрешілікке шүйлікті

Матчтан кейін Эрик Гарсия төрешілердің шешімдеріне күмән келтірді.

“Алты минут қарағаннан кейін де офсайд мәселесі даулы күйінде қалды. Алдымен VAR жұмыс істемеді деген ақпарат айтылды. Кейін стоп-кадрды көргенде де бәрі анық болмады. Жартылай автоматты жүйе кезінде мұндай сәттер әлдеқайда түсінікті болуы керек”, – деді қорғаушы.

Сондай-ақ ол Алехандро Бальдеге қарсы жасалған ережебұзушылыққа да тоқталды.

“Соңғы уақытта төрешілік шешімдер бізге қарсы қабылданып жатқандай. Джулианоның Бальдеге қарсы әрекеті – таза қызыл қағаз. Бірақ дәл осындай эпизодтарда шешім бізге қарсы шығарылады”, – деп мәлімдеді Гарсия.

Қарымта матч қашан өтеді?

Қарымта кездесу 3 наурызда “Spotify Camp Nou” стадионында өтеді. Финалға шығу үшін “Барселонаға” төрт гол айырмасын қайтару қажет.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір