Михаил Шайдоров медальге таласады. Бүгін тағы кім бақ сынайды?

Сарапшы, спорт журналисі

13 ақпан күні Олимпиада ойындарында жеті медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Михаил Шайдоров медальге таласады. Бүгін тағы кім бақ сынайды?
Vesti.kz

13 ақпан күні Олимпиада ойындарында жеті медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстандық жанкүйерлер үмітті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа артады.

Қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров әзірге бесінші орында. Төртінші сатыдағы италиялық спортшы Даниэль Грассльден небәрі бір ұпайға қалып отыр. Ал жүлделі үштікке дейінгі айырмашылық сәл көп. Десе де, бәрі еркін бағдарламада шешіледі.

Сонымен қатар қазақстандық биатлоншылар спринт жарысында бақ сынайды. Егер олар үздік 60 спортшының қатарына енсе, келесі кезеңге жолдама алады. Ал бұл межеден аса алмаса, Олимпиададағы соңғы жарыстары осы болмақ.

13 ақпанда жарыс жолына шығатын спортшыларымыз: 

Шаңғы жарысы

15:45 – 10 км қашықтыққа еркін стильдегі жеке жарыс (ерлер)

  • Әмірғали Мұратбеков (№51)
  • Наиль Башмаков (№53)
  • Виталий Пухкало (№57)

Биатлон

18:00 – 10 км спринт (ерлер)

  • Асет Дүйсенов (№12)
  • Владислав Киреев (№72)

Мәнерлеп сырғанау

23:00 – Ерлер арасындағы еркін бағдарлама

  • Михаил Шайдоров (20-шы болып мұз айдынына шығады)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір