"Кінәлаудан бұрын себебін табайық" - Олимпиада жүлдегері сынға жауап берді
Ванкувер-2010 Олимпиадасының күміс жүлдегері, қазақстандық биатлоншы Елена Хрусталева Милан және Кортина-д’Ампеццодаағы сәтсіз нәтижелерден кейін отандық спортшыларға бағытталған сынға пікір білдірді.
“Сын айту оңай, ал себебін табу қиын”
Хрусталева Instagram желісіндегі kzsports парақшасында жазған пікірінде, кеңес айту мен сынау көптің қолынан келетінімен, мәселенің түп-тамырын анықтау әлдеқайда күрделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық құраманың басым бөлігі — жас спортшылар, әрі олардың көбі үшін бұл алғашқы Олимпиада.
Олимпиада кезіндегі жан-жақтан түсетін назар да спортшыларға қосымша қысым болатынын алға тартқан ол өз тәжірибесін мысалға келтірді: алғашқы Олимпиадасында өзі де жүлдеден алыс қалғанын еске салды.
“Негатив жақындарға көбірек әсер етеді”
Елена Хрусталева мәселені тек эмоциямен емес, нақты талдаумен қарауға шақырды. Оның сөзінше, басты сұрақ — қаншалықты терең зерттеп, кейін қандай нақты қадам жасай алатынымыз.
Еске салайық, Милан–Кортина-2026 қысқы Олимпиадасында Қазақстан атынан 36 спортшы қатысып жатыр және олар 10 спорт түрінде ел намысын қорғауда.